2025 жылдың 25 сәуірінде «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің «Жаңа технология: бастауыш сыныпта-сапалы білім» облыстық семинарына облыс мектептерінен 40-тан аса бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Бастауыш сыныптарда жаңа технологияларды қолдану арқылы сапалы білім беру тәсілдерін жетілдіру, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін насихаттау мақсатында жұмыс жасады.
Облыстық семинарды «Шабытпен шарықта!» тренингімен Италмасова А.З., Жолбарысова А.Б., Максутбаева К.Б. бастады. «Амангелді ауданы білім бөлімі» ММ әдіскері Какимжанова Н.К. аудан педагогтерінің жетістіктерін айтып өтті.
Семинар қатысушылары осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің математика (Ашуова Н.К., Калиева А.М.), қазақ тілі (Сандибекова К.С.), Жаратылыстану (Жылкышина М.Ж., Канафина А.С.), Ана тілі (Досымова К.Б.) пәндерінен өткізген ашық сабақтарына қатысты. Іс-шараның екінші бөлігінде Ашуова Н.К. (ББЖМ дайындық жұмыстары), Биримжанова А.Н. (Бастауыш пәндерінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану), Магзумова Т.У. (Цифрлық білім беру ресурстары: Сабаққа арналған материалдарды табу және пайдалану) шеберлік сыныптар өткізді.
Семинар соңында келген семинар қатысулары кері байланыстарын берді. Өз мақсатына жеткен семинар болған жайлы айтуға болады.
Мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.