Жаңалықтар

2025 жылдың 25 сәуірінде «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің «Жаңа технология: бастауыш сыныпта-сапалы білім» облыстық семинарына облыс мектептерінен 40-тан аса бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бастауыш сыныптарда жаңа технологияларды қолдану арқылы сапалы білім беру тәсілдерін жетілдіру, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін насихаттау мақсатында жұмыс жасады. Облыстық семинарды […]

Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми – практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында «Ұлттық құндылықтар керуені» республикалық фестивалін өткізді. Республикалық фестивальге Амангелді ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан оқушылар қатынасып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. «Шығармашылық қабілет» аталымының жеңімпаздар І орын – Қанафина Назерке , Ы. Алтынсарин жалпы білім […]

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Шексіз балалық шақ» облыстық фестивалін өткізді. Фестивальге облыс бойынша 7 – 14 және 15 – 18 жас санатындағы дарынды да талантты балалар қатынасты. Амангелді ауданынан қатынасқан 6 оқушы фестиваль жеңімпазы атанды. І орын — Амангелді жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Байбақова Мадина «Хореография» аталымы […]

Амангелді ауданы Тасты жалпы білім беретін мектебінде ата-аналармен өзара әрекеттесу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс, соның ішінде, Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Мысалы, жуырда мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетуге арналған маңызды шара өтті. Оның мақсаты – ата-аналарға олардың әрекеттері мен қарым-қатынасының баланың эмоционалдық және зияткерлік дамуына әсерін түсінуге […]

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]