Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Амангелді ауданының білім бөлімі тамыз конференциясы аясында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын үйлестіру бойынша секция отырысын өткізді.
Іс –шараға Қостанай облысы білім басқармасының бас маманы Сейдахметова Бәтима Мұхамбетқалиқызы , білім бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлы, әдіскерлер, мектеп директорлары, тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатынасты.
Секция барысында білім бөлімінің әдіскері Мұхамбетова Мақпал Кәкімбекқызы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысын жүргізу бағыттарын, бағдарламаның негізгі құндылықтары мен мектептегі тәрбие жұмысына енгізудің тетіктерін таныстырды.
Шара озат тәжірибелік алаң жұмысымен жалғасып, Тасты жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі орынбасары Абдирова Луиза Өтеғалиқызы, А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі орынбасары Құсайынова Қарлығаш Талғатқызы, Құмкешу жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі орынбасары Сұлтанова Сәндігүл Ғалымқызы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметі бағытында, Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Сарбозов Талғат Жомартұлы «Smart bala» жобасы негізінде инженерлік және цифрлық дағдыларды дамыту» тақырыбындағы үздік іс — тәжірибелерімен бөлісті.
Секция отырысы тәрбие жұмысының тиімді әдіс-тәсілдерін кеңінен насихаттау мен педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда маңызды алаңға айналды. Қатысушылар мектептерде жүзеге асып жатқан тәрбиелік жобалар мен тың бастамалар туралы ақпарат алып, тәжірибе алмасу арқылы өз жұмыс бағыттарын жетілдіруге мол мүмкіндік алды.