Бүгін Амангелді ауданының білім беру ұйымдарында Білім күніне арналған «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылында қазақстандық мектептерде 360 мыңнан астам бүлдіршін 1 – сыныпқа барса, Амангелді ауданының білім беру ұйымдарында 200 оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттады.
Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Кеделбаев Қанат Уәшұлы, білім бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысы Бірсейтов Саян Серікұлы қатынасып, педагогикалық ұжымға, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Ағымдағы жылы ауданымыздағы 13 жалпы білім беретін , 4 негізгі орта мектеп бойынша 2438 оқушы мектеп партасына отырды. Білім кеңістігіне қанат қаққан шәкірттерге 552 педагог білім беретін болады.