Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Сапалы білім – ел болашағының негізі. Бұл сапаға қол жеткізу үшін заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдану – басты талап. Бүгінгі білім беру жүйесі жаһандану мен цифрлық дәуірдің жаңа талаптарына бейімделе отырып, білім сапасына қол жеткізу мақсатында мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктеп отыр.
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен аудандық тамыз конференциясы аясында Амангелді ауданының педагог қызметкерлері осы бағыттағы тиімді әдістер мен жаңашыл жобалар іске асыру, тиімді тәжірибелерді бөлісу алаңында бас қосты.
Секциялық отырысы шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті , ағылшын тілі пәні мұғалімдері өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс – тәсілдерін ұсынды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Қаласова Гүлбарам Дүйсенқызы, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Мыстанова Әлия Валентинқызы, Н.Мейірманов атындағы мектеп мұғалімі Қойшан Гүлім Берікқызы, Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Ақдәулетова Салтанат Маратқызы, Жалдама жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Өміржанова Лунара Ғалымбекқызы жұмыс көрсетті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Амангелді жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Агажанова Раушан Амангелдіқызы, Байкенова Марал Бақыткерейқызы, Ы.Алтынсарин мектебінің мұғалімі Жакупова Ақтоты Бекенқызы, Тасты жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Қойгелдина Айсұлу Ануарқызы, Жаңа ауыл мектебінің мұғалімі Атембекова Айнұр Шөптібайқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ағылшын тілі пәні бойынша Амангелді жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Төлегенова Жазира Кеңесқызы, Ы.Алтынсарин мектебінің мұғалімі Әбішева Индира Оразғалиқызы, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Туленова Луиза Дулатқызы , Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Сәтмағанбетова Рита Айсағалиқызы , Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Бекенова Айнұр Ақанқызы үздік тәжірибелерін ұсынды.
Жиын соңында секция жұмысының қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына арналған ұсыныстар мен бағыттар белгіленді.