Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Амангелді жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі тамыз конференциясы аясында математика және жаратылыстану пәндері педагогтерінің секция отырысы өтті.
Секцияға білім бөлімінің әдіскерлері мен математика және жаратылыстану пәндері ұстаздары қатынасты.
Секция барысында білім бөлімінің әдіскері Бимағамбетова Бақытгүл Әмірғалиқызы жаңа әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырып, алдағы оқу жылына мақсат-міндеттері мен жылдық жоспарларын түсіндірді.
Іс-шараның бірінші бөлімі ұстаздардың тәжірибелік алаң жұмысымен басталды.
Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Әубәкір Жансая Сәбитбекқызы «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы цифрлық ресурстар» тақырыбында,
Жалдама жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Берлібекова Раушан Қазизқызы «Тағамдағы пробиотикалық және пребиотикалық қоспалар» тақырыбында,
Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Естекова Жібек Бейсенқызы «Болашақтың кілті – жасанды интеллект» тақырыбында шеберлік сынып өзкізіп, үздік іс — тәжірибелерімен бөлісті.
Секцияның екінші бөлімі жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылды. Б. Қолдасбаев атындағы мектептің биология-химия пәні мұғалімі Алданазарова Шынар Балтабекқызы, Ә. Боранбаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Жұбатқанова Гүлнар Балтабайқызы, Ы. Алтынсарин атындағы мектептің математика пәні мұғалімі Каримов Ерқанат Камысбайұлы, Ы. Алтынсарин атындағы мектептің биология пәні мұғалімі Нұрмұхамбетова Гүлім Нағызханқызы жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтармен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында секция отырысында іс-тәжірибелерімен бөліскен ұздаздарға білім бөлімі басшысының алғыс хаттары табысталды.