Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерді сатып алу Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
2025 – 2026 оқу жылында орта білім беру ұйымдары жаңа білім беру бағдарламасы негізінде мазмұны қайта қаралып, жаңадан әзірленген 4-сыныптың орыс тілі пәні , оқыту тілі қазақ тілінде жүргізілетін ағылшын тілі , неміс тілі , еңбекке баулу, бейнелеу өнері , жаратылыстану пәндерінің оқулықтарымен, 7, 8 , 10 , 11- сыныптарға арналған оқулықтардың нұсқаларымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар қазіргі уақытта білім алушылар Оқу-ағарту министрлігінің сайтында орналастырылған оқулықтардың электрондық нұсқасының қызметтерін де пайдалана алады.
Жаңа оқу жылында аудан оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 23 млн.288 мың 970 теңге қаражат бөлінді.
9 баспамен келісімшарт жасалып, 6363 дана оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтарға тапсырыс жасалды.
Қазіргі уақытта білім бөліміне тапсырыс берілген 4,7,8,10,11 сыныптар бойынша оқулықтар мен оқу — әдістемелік құралдар келіп түсті.
Білім беру ұйымдары қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі.