Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 4 сәуір күні «Қаламқас» бөбекжайының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына және психологтарына арналған «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар–практикум өтті.
Семинар-практикумның мақсаты: арт-терапияны мектепке дейінгі мекемелерде қолданудың тиімділігін көрсету және оны тәжірибеде қолдану. Семинар барысында «Қаламқас» бөбекжайының психологі Махамбетова ҚапизаТусебаевна, «Балдырған» бөбекжайының психологі Баймолдина Толқын Бақытқызы, «Жұпар» бөбекжайының психологі Шаткенова Асем Аралқызы және «Қаламқас» бөбекжайының тәрбиешілері Ш.Ш.Досмағанбетова, Э.С.Жандильдина іс-тәжірибелерімен бөлісті.
« Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жұмыс көрмесі ұйымдастырылды.
Семинар соңында іс-тәжірбиесімен бөліскен педагогтарға сертификаттар тапсырылды.