Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» клубының “ тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау және әжелердің рөлін арттыру болды. Іс-шараға Шибутова Нұржамал, Атамбаева Әлия, Салықова Күлпара, Болат Айтжан, Құлмағанбетова Гүлнар Тынымбайқызы, Мақтаған Бәтима әжелеріміз қатысты.
Әжелер қауымы оқушыларға қонақ күтудің әдебі, үлкендерге құрмет көрсету, ұлттық асхананың ерекшеліктері, қолөнердің маңызы сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Бұл білім мен тәжірибе жастарға өз мәдениетін құрметтеуді, ұлттық тағамдарды дайындауды және қолөнер шеберлігін меңгеруді үйретуге бағытталған.
Әжелердің ұлттық тағамдарды дайындау, құрақ құрау, ою-өрнек жасау және жүннен бұйымдар жасау туралы сабақтары – жастар үшін құнды тәжірибе. Олар тек қана практикалық дағдыларды емес, сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің тереңдігін, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлердің маңыздылығын да түсінуге көмектеседі
Әжелермен өткен кездесу мазмұнды әрі ұлттық құндылықтарға толы іс-шара болды. Шараны ұйымдастырушылар әжелерге алғыс білдірді.