Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми – практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында «Ұлттық құндылықтар керуені» республикалық фестивалін өткізді.
Республикалық фестивальге Амангелді ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан оқушылар қатынасып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

«Шығармашылық қабілет» аталымының жеңімпаздар

І орын – Қанафина Назерке , Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі . Жетекшісі: Кеделбаева Гауһар Әміржанқызы.

ІІ орын – Қайрат Ақнұр, Тасты жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі: Зейнолла Әсел Ардаққызы.

«Дәстүрлі өнер – халық қазынасы» аталымы бойынша жеңімпаздар

Бас жүлде – Қасымхан Әбілмансұр, Тасты жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі: Бейсенбаева Мадина Аманжолқызы.

І орын – Серіков Мерей , Ы.Алтынсарин мектебі. Жетекшісі: Айжанова Теміржанқызы.

«Тіл, дәстүр, руханият» аталымы бойынша жеңімпаздар

І орын – Қали Айдана, Тасты жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі: Абдирова Луиза Өтеғалиқызы.
ІІ орын – Жақсылық Жанерке, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі: Нұрмұхамбетова Алмагүл Қанапияқызы.

Бұл жетістіктер – ауданымыздағы білім беру ұйымдарының ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Фестиваль барысында оқушыларымыз өздерінің шығармашылық қабілеттерін, дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттауда үлкен үлес қосты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!