Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Шексіз балалық шақ» облыстық фестивалін өткізді.
Фестивальге облыс бойынша 7 – 14 және 15 – 18 жас санатындағы дарынды да талантты балалар қатынасты.
Амангелді ауданынан қатынасқан 6 оқушы фестиваль жеңімпазы атанды.
І орын — Амангелді жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Байбақова Мадина «Хореография» аталымы бойынша жеңімпаз;
І орын – Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Құткелді Дария «Вокалдық орындау» аталымында жеңімпаз;
ІІІ орын – Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әбілтай Ұлан «Вокалдық орындау» аталымы бойынша жеңімпаз;
І орын – Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серікбай Санжар «Бейнелеу өнері» аталымында жеңімпаз;
ІІ орын – Тасты жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мырзағали Ақжол «Көркем кесте тоқу» аталымында жеңімпаз;
І орын – Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мейрам Парасат «Матадан жасалған өнер туындылары» аталымы бойынша жеңімпаз.
Жүлделі орынға ие болған оқушылардың бұл жетістігі олардың өнерге деген ынтасы мен талантының айқын дәлелі болып табылады. Байқау барысында олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, облыстық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді .
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!